Құпиялылық саясаты
2024 жылғы 22 қазанында күшіне енді
1.Мақсаты мен қолданылуы
Осы Құпиялық саясаты (бұдан әрі «Саясат») Қызметтерді пайдалану барысында ISSAI ала алатын барлық ақпаратқа, соның ішінде дербес деректерге қолданылады.
«Institute of Smart Systems and Artificial Intelligence» Жеке мекеме (Саясат мәтіні бойынша «ISSAI») - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған және Қазақстан Республикасы, 010000 Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 53 мекенжайы бойынша тіркелген заңды тұлға болып табылады.
2.Деректерді жинау
2.1. Біз келесі деректер санаттарын жинаймыз:
- 1) Пайдаланушылар ұсынған дауыстық жазбалар;
- 2) Пайдаланушылар жүктеген ақпарат (мәтіндік, аудиофайлдар және басқа деректер);
- 3) Тіркелу (жеке есептік жазба құру) кезінде Сіз ұсынған дербес ақпарат, Сіздің аты-жөніңіз, телефон нөміріңіз, тұрғылықты мекенжайыңыз, электрондық пошта және жасыңыз;
- 4) Электрондық деректер (HTTP-тақырыптар, IP мекенжайы, cookie файлдары, веб-маяктар/пиксель тегтері, шолғыш идентификаторы туралы ақпарат, аппараттық және бағдарламалық жасақтама туралы деректер, wi-fi желісі туралы деректер);
- 5) Қызметке қол жеткізу күні мен уақыты;
- 6) Геолокация туралы ақпарат.
2.2. Төлемдерді ұйымдастыру үшін Қызметтер банктік қызметтермен біріктірілу мүмкін, олар арқылы банктер Cіздің дербес деректеріңізді (төлем картасының деректері, сіз немесе Қызметтерді пайдалана отырып төлем транзакциясына қатысатын басқа тұлғалар ұсынған төлем туралы ақпарат) жинайды және өңдейді. ISSAI ақылы қызметтерді көрсету мақсатында бұл деректерге де қол жеткізе алады.
2.3. Барлық деректер тек пайдаланушының келісімімен жиналады, бұл келісім Қызметтерді пайдалану арқылы белгіленеді.
2.4. Қызметтерді пайдалану арқылы Сіз осы Саясатты оқығаныңызды, түсінгеніңізді және «Institute of Smart Systems and Artificial Intelligence» Жеке мекемесіне Сіздің ақпаратыңызды, соның ішінде дербес деректеріңізді осы Саясатта көрсетілгендей өңдеуге келісім бергеніңізді мойындайсыз. Егер Сіз дербес деректерді өңдеуге келіспесеңіз, ҚЫЗМЕТТЕРДІ пайдалануға тыйым салынады және оны дереу тоқтату керек.
3.Деректерді пайдалану
3.1. Жиналған деректер келесі мақсаттарда өңделуі мүмкін:
- 1) Қызметтердің жұмысын қамтамасыз ету, өзгерту және жақсарту.
- 2) Деректерді талдау және өңдеу, пайдаланушылардың сұрауларына дәлірек нәтижелер ұсыну үшін деректерден заңдылықтарды іздеу.
- 3) Қызметтердің, пайдаланушылардың және ISSAI-дің қауіпсіздігі мен қорғалуын қамтамасыз ету.
- 4) ISSAI-дің басқа өнімдерін, қызметтерін және ұсыныстарын жасау және жетілдіру;
- 5) Статистикалық деректерді, үлкен деректерді және басқа зерттеулерді жинау, өңдеу және ұсыну;
- 6) Қызметтерге, пайдаланушыларға, ISSAI-ге және/немесе үшінші тұлғаларға қауіп төндіруді анықтау;
- 7) Қызметтерді пайдалану үшін Сіздің төлемдеріңізді қабылдауды ұйымдастыру.
4.Деректерді сақтау
4.1. Барлық деректер Қазақстан Республикасында қауіпсіз ортада сақталады және рұқсат етілмеген қолжетімділіктен қорғалған.
Бұл ретте шет мемлекеттердің аумақтарында орналасқан серверлерді сатып алған жағдайда Пайдаланушы дербес деректердің трансшекаралық берілуімен келіседі.
4.2. Деректер қажетті мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті уақыт ішінде сақталады, содан кейін олар жойылады немесе иесіздендіріледі.
4.3. Дербес ақпарат автоматты түрде өңделеді және ISSAI қызметкерлерінің оған қол жеткізуі шектелген, сондай-ақ ISSAI қызметкерлеріне қажеттілік туындаған жағдайда ғана қолжетімділік беріледі. Деректерді қорғау және құпиялылығын қамтамасыз ету үшін барлық ISSAI қызметкерлері дербес деректерді өңдеуге қатысты ішкі ережелер мен рәсімдерді сақтауы тиіс. Сондай-ақ олар дербес деректерді қорғауға арналған барлық техникалық және ұйымдастырушылық қауіпсіздік шараларын сақтауы тиіс.
5.Деректерді беру
5.1. Заңнамада көзделген жағдайларды қоспағанда біз пайдаланушылардың деректерін олардың келісімінсіз үшінші тұлғаларға бермейміз.
5.2. Деректерді үшінші тұлғаларға берген жағдайда, біз мұндай үшінші тұлғалардың деректерді қорғау шараларын сақтауды қамтамасыз етеміз.
ISSAI Сіздің дербес ақпаратыңызды ISSAI қызметкерлері мен үлестес тұлғаларына бере алатынына (осы Саясаттың 3-тарауында көрсетілген мақсаттарда) сіз келісесіз.
ISSAI дербес ақпаратты үшінші тұлғаларға, соның ішінде трансшекаралық беру үшін де 3-тарауда көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін бере алатынына сіз келісесіз. Мұндай үшінші тұлғаларға мыналар кіруі мүмкін:
- 1. Серіктестер (мемлекеттік органдар, заңды тұлғалар) - ISSAI-мен ынтымақтастықта болатын тұлғалар;
- 2. Контрагенттер (орындаушылар, жеткізушілер) - ISSAI-ге қызмет көрсететін тұлғалар;
- 3. Сіздің төлемдеріңізді қабылдауды ұйымдастыруға және Қызметтерді пайдаланып төлем операцияларын жүргізуге қатысатын тұлғалар (халықаралық төлем жүйелері, төлем құралдарын жеткізушілер, банктер және басқа да қаржы ұйымдары және т.б.).
6.Деректерді қорғау
6.1. Біз пайдаланушылардың деректерін жоғалту, рұқсат етілмеген қолжетімділік, өзгерту немесе жария ету қаупінен қорғау үшін қажетті ұйымдастырушылық және техникалық шараларды қолданамыз.
6.2. Пайдаланушылар өздерінің есептік деректерінің құпиялылығын сақтау үшін жауапты.
7.Пайдаланушылардың құқықтары
7.1. Пайдаланушылардың келесі құқықтары бар:
- 1) Бізде сақталған деректері туралы ақпарат сұрау.
- 2) Өз деректерін түзетуді немесе жоюды талап ету.
- 3) Деректерді өңдеуге келісімін қайтарып алу.
7.2. Өз құқықтарын іске асыру үшін пайдаланушылар бізбен байланыс деректері бойынша хабарласа алады.
8.Құпиялылық саясатына өзгерістер мен толықтырулар енгізу
8.1 Біз өз қалауымыз бойынша осы Құпиялылық саясатына өзгерістер, толықтырулар немесе өзгертулер енгізу құқығын сақтаймыз. Қызметтерде сілтеме арқылы қосымша шарттар немесе құжаттар орналастырылуы мүмкін.
8.2 Біз сіздерді кез келген өзгерістер туралы осы Құпиялылық саясаты мәтініндегі «Соңғы жаңарту» күнін жаңарту арқылы хабардар етеміз және сіз осындай өзгерістер туралы нақты хабарлама алу құқығыңыздан немесе талаптарыңыздан бас тартасыз. Жаңартуларды тексеру сіздің жауапкершілігіңізде.
Саясаттағы жаңартулар жарияланған күннен кейін Қызметтерді пайдалануды жалғастыра отырып, сіз енгізілген өзгерістер туралы хабардар болған және оларды қабылдаған болып есептелесіз.
9.Байланыс ақпараты
Егер сізде осы Құпиялылық саясатына қатысты сұрақтар немесе ұсыныстар болса, Қызметте көрсетілген электрондық пошта бойынша бізбен байланыса аласыз.