Пайдаланушылық келісімі
2024 жылғы 22 қазанында күшіне енді
1.Қызмет провайдері
1.1. Осы Пайдаланушылық келісім жеке немесе ұйымның атынан әрекет ететін сіз бен («сіз», «пайдаланушы») «Institute of Smart Systems and Artificial Intelligence» жеке мекеменің арасында, Сіздің Қызметтерге қол жеткізуіңізге және пайдалануыңызға қатысты жасалған заңды түрде міндетті жария шарт болып табылады.
1.2. «Institute of Smart Systems and Artificial Intelligence» жеке мекемесі («ISSAI», «біз»), Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген және Қазақстан Республикасы, Астана қаласы 010000, Қабанбай батыр даңғылы, 53 мекенжайында жұмыс істейтін заңды тұлға. Бизнес сәйкестендіру нөмірі 100940009716.
1.3. Біз осы шарттарға бағынатын қызметтердің кең ауқымын ұсынамыз, соның ішінде: қолданбалар, сайттар, платформалар және осы Пайдаланушылық келісіміне (бұдан әрі «Пайдаланушылық келісім», «Шарттар») сілтеме жасайтын кез келген басқа байланысты өнімдер мен қызметтерді басқарамыз (бұдан әрі «Қызмет», «Қызметтер»).
1.4. Қызметтерге қол жеткізе отырып, Сіз осы Пайдаланушылық келісімнің барлық шарттарын оқып, түсініп, оны сақтауға келісесіз. Егер сіз осы Пайдаланушылық келісімімен келіспесеңіз, онда Сізге қызметтерді пайдалануға нақты тыйым салынады ЖӘНЕ Сіз қызметті пайдалануды дереу тоқтатуыңыз керек.
2.Пайдаланушы туралы ақпарат және қызметтерді басқару
2.1. Қызметті пайдалану үшін сізге тіркеу қажет болуы мүмкін. Сіз өзіңіздің құпия сөзіңізді құпия сақтауға және есептік жазбаңыз бен құпия сөзіңізді пайдалануға қатысты барлық әрекеттер үшін жауап бересіз. Егер біз өз қалауымыз бойынша мұндай пайдаланушы атын орынсыз, әдепсіз немесе басқа жолмен қажетсіз деп санасақ, таңдаған пайдаланушы атын жою немесе өзгерту құқығын өзімізге қалдырамыз.
2.2. Қызметті пайдалану арқылы сіз: (1) тіркелу кезінде берген барлық ақпараттың шынайы, дәл, ағымдағы және толық болатынын; (2) сіз бұл ақпаратты жаңартып, тіркелу деректерін қажет болған жағдайда жаңартуыңызды; (3) сіз осы Шарттарды орындауға әрекет қабілеттігіңіз бар және оны орындауға келіскеніңізді; (4) егер сіз 18 жасқа толмаған болсаңыз, Сізге Қызметтерді пайдалануға ата-анаңыздың рұқсаты берілгенін.
2.3. Сіз біздің Қызметтерімізді кез келген заңсыз, зиянды немесе қорлайтын қызмет үшін пайдалана алмайсыз. Мысалы, сіз:
- 1) Қызметтерімізді кімнің де болсын құқықтарын бұзатын, заңсыз иемденетін немесе бұзатын тәсілмен пайдалана алмайсыз.
- 2) Біздің кез келген Қызметтерімізді өзгерте, көшіре, жалға бере, сата немесе тарата алмайсыз.
- 3) Біздің модельдерімізді, алгоритмдерімізді немесе жүйелерімізді қоса алғанда, Қызметтеріміздің бастапқы кодын немесе негізгі компоненттерін кері әзірлеуге, декомпиляциялауға немесе ашуға тырысу немесе біреуге көмектесе алмайсыз.
- 4) Мәліметтерді автоматты түрде немесе бағдарламамен ала алмайсыз.
- 5) Жасанды интеллектпен жасалған деректерді адам жасаған деп мәлімдей алмайсыз.
- 6) Біздің Қызметтерімізге кедергі келтіру немесе бұзу, оның ішінде кез келген шектеулерді немесе жылдамдық шектеулерін айналып өту немесе біздің Қызметтерімізге қолданатын кез келген қорғаныс немесе қауіпсіздік шараларын айналып өте алмайсыз.
2.4 Егер сіз жалған, дәл емес, өзекті емес немесе толық емес кез келген ақпаратты ұсынсаңыз, біз сіздің есептік жазбаңызды тоқтата тұруға немесе тоқтатуға және Қызметтерді (немесе оның кез келген бөлігін) ағымдағы немесе болашақта көрсетуден бас тартуға құқылымыз.
2.5. Біз: (1) осы Шарттарды бұзушылықтар бойынша Қызметтерді бақылауға; (2) біздің қалауымыз бойынша заңды немесе осы Шарттарды бұзатын кез келген тұлғаға қатысты тиісті заңды шараларды қолдануға, соның ішінде, мұндай пайдаланушы туралы құқық қорғау органдарына хабарлауға; (3) біздің қалауымыз бойынша және шектеусіз, қол жеткізуден бас тарту, қолжетімділікті шектеу немесе (технологиялық тұрғыдан мүмкін болғанша) кез келген әрекетіңізді немесе оның кез келген бөлігін өшіруге; (4) өз қалауымыз бойынша және шектеусіз, ескертусіз, ақшаны қайтарымсыз немесе жауапкершіліксіз, шамадан тыс өлшемді немесе жүйелерімізге қандай да бір жолмен жүктеме түсіретін барлық файлдар мен мазмұнды Қызметтерден алып тастауға немесе басқа жолмен өшіруге; (5) Құқықтарымызды қорғайтын және Қызметтердің дұрыс жұмыс істеуіне ықпал ететін қызметтерді басқа жолмен басқаруға құқығымыз бар, бірақ міндетіміз жоқ.
3.Жазылым
3.1 Қызметтерге қол жеткізу жазылым негізінде жүзеге асырылуы мүмкін.
3.2. Сынақ нұсқасы бар Қызметтерде, ол тек жаңа пайдаланушылар үшін қолжетімді болады және ол тек Қызметтерде көрсетілген лимитімен шектеледі. Сынақ нұсқасының шегіне жеткеннен кейін Қызметті пайдалануды жалғастыру үшін жазылым қажет.
3.3. Автоматты түрде жаңарту. Егер сіз бас тартпасаңыз, жазылымыңыз автоматты түрде жаңартылады. Тиісті тапсырысты жоймағанша, әрбір қайта есептен шығару үшін алдын ала келісімсіз тұрақты негізде төлем әдісіңізден ақы алатынымызға келісесіз. Есеп айырысу кезеңінің ұзақтығы Қызметтерге тіркелген кезде таңдаған жазылым түріне байланысты болады.
3.4. Есептік жазбаңыз арқылы кез келген уақытта жазылымыңыздан бас тарта аласыз. Егер сіз жазылымнан бас тартсаңыз, жазылым ағымдағы шектеу таусылғанша белсенді болады, кейінгі есептен шығару тоқтатылады.
3.5. Құнды өзгерту. ISSAI жазылым құнын өзгерту құқығын өзіне қалдырады. Өзгерістер болған жағдайда сізге алдын ала хабарланады. Ағымдағы шекке жеткенде, Қызметті пайдалануды жалғастырғыңыз келсе, өзгертілген баға бойынша қайта жазылу қажет.
3.6. Егер жазылымды сатып алған кезден бастап 24 сағат аспаса және Пайдаланушы Қызметті пайдаланбаса (жазылым бойынша берілген шектеу ішінде), Сіз жазылымнан бас тартуға және ақшаны қайтаруды сұрауға құқылысыз. Қалған барлық жағдайларда жазылым төлемдері қайтарылмайды және Пайдаланушы қызметті тұтынған болып есептеледі. Осы тармақта көрсетілген жағдайларда қайтаруды сұрау үшін Пайдаланушы электрондық поштаға хат жіберуі керек.
3.7. Төлем кезінде банктік картаның деректері Қызметтерге байланыстырылуы мүмкін. Пайдаланушы келесі ақпаратты ұсынуы керек:
- 1. Банктік картаның нөмірі;
- 2. Банктік картаның жарамдылық мерзімі;
- 3. Қауіпсіздік коды (CVV/CVC).
3.8. Банктік картаның мәліметтерін бере отырып, Пайдаланушы өз атына берілген жарамды банктік карта туралы нақты және толық ақпарат бергенін; ол халықаралық төлем жүйелерінің ережелерін және банктік картаны эмитент-банктің талаптарын, оның ішінде қолма-қол ақшасыз төлемдерді жүзеге асыру рәсімдеріне қатысты талаптарды сақтайтынын растайды және кепілдік береді.
3.9. Пайдаланушы өз есептік жазбасы арқылы Қызмет шеңберінде жасалған барлық әрекеттер, оның ішінде банктік картаны пайдалана отырып қолма-қол ақшасыз төлемдерді жасау, Пайдаланушы жасаған болып есептелетінін түсінеді және келіседі.
3.10. ISSAI кез келген уақытта Қызмет шеңберінде Пайдаланушы ұсынған ақпаратты, оның ішінде банктік картаның мәліметтерін растауды және растайтын құжаттарды (әсіресе жеке басын растайтын құжаттарды) сұрауды талап ету құқығын өзіне қалдырады. Мұндай құжаттарды ұсынбау, біздің қалауымыз бойынша, анық емес ақпарат беру ретінде қарастырылуы мүмкін және осы Шарттардың 2.3-тармағында көзделген шаралар қабылдануға әкеп соғады.
3.11. Қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда, қолма-қол ақшасыз төлемдер үшін кассалық чек Пайдаланушы өз есептік жазбасында көрсеткен электрондық поштасына жіберіледі.
4.Зияткерлік меншік құқықтары
4.1. Біз Қызметтерде пайдаланылатын барлық бастапқы кодты, дерекқорларды, функционалдық мүмкіндіктерді, бағдарламалық жасақтаманы, веб-сайт дизайнын, аудио, бейне, мәтінді, фотосуреттерді және графиканы (бірге «Мазмұн» деп аталатын) және оларда қамтылған сауда белгілері мен логотиптерді («Білгілер») қоса алғанда, Қызметтеріміздің барлық зияткерлік меншік құқықтарының меншік иесі немесе лицензиатымыз.
4.2. Біздің Мазмұн мен белгілер Қазақстан мен бүкіл әлем бойынша заңдар мен халықаралық шарттармен қорғалады.
4.3. Сіздің мазмұныңыз өзіңіздікі болып қалады, бұл сіздің мазмұныңызға иелік ететін кез келген зияткерлік меншік құқықтарын сақтайтыныңызды білдіреді. Сонымен қатар, жасанды интеллектке негізделген Қызметтерді пайдаланған кезде, сіз бізге жасанды интеллект арқылы жасалған Мазмұнды жасалған Мазмұнға айрықша құқықтың бүкіл мерзіміне пайдалану үшін бүкіл әлем бойынша айрықша емес, қайтарылмайтын, өтеусіз лицензия беруге келісесіз.
5.Құпиялық саясаты
5.1. Біз Қызметті пайдалану кезінде енгізген деректерді Қызметті басқару мақсаттары үшін, сондай-ақ Қызметті пайдалануыңызға байланысты деректерді сақтаймыз. Біз деректерді үнемі сақтық көшірме жасай отырып, сіз Қызметтерді пайдалану арқылы өткізетін немесе жүзеге асыратын кез келген әрекеттерге қатысты барлық деректер үшін толық жауапты боласыз. Сіз мұндай деректердің жоғалуы немесе бүлінуі үшін жауапты болмайтынымызға келісесіз және осылайша деректердің жоғалуы немесе бүлінуі бойынша бізге қарсы шағым жасау құқығынан бас тартасыз.
5.2 Біз деректердің құпиялылығы мен қауіпсіздігіне мән береміз. Құпиялылық саясатымызды қараңыз. Қызметтерді пайдалану арқылы сіз осы Шарттарға енгізілген Құпиялылық саясатымызға келісесіз. Қызметтер Қазақстанда ұсынылады. Егер сіз Әлемнің кез келген басқа аймағынан Қызметтерге қол жеткізсеңіз және жеке деректерді жинауға, өңдеуге немесе ашуға қатысты заңдар немесе басқа талаптар Қазақстандағы қолданыстағы заңдардан өзгеше болса, онда Қызметтерді пайдалануды жалғастыру арқылы сіз өз деректеріңізді Қазақстанға бересіз және олардың берілуіне және өңдеуіне тікелей келісім бересіз.
5.3. Пайдаланушы ұсынылған кез келген ақпараттың, соның ішінде жеке деректердің заңды түрде Пайдаланушыға тиесілі немесе бақыланатынын және үшінші тұлғалардың құқықтарын бұзбай берілгенін білдіреді және кепілдік береді. Пайдаланушы сондай-ақ қажет болған жағдайда мұндай ақпаратты бергенге дейін үшінші тұлғалардың барлық қажетті келісімдері алынғанын қамтамасыз етеді. Пайдаланушы шығынды өтеуге және ISSAI-ді Пайдаланушы ұсынған кез келген ақпаратты рұқсатсыз ашу немесе теріс пайдалану нәтижесінде туындаған кез келген шағымдардан, міндеттемелерден немесе залалдардан қорғауға міндеттенеді.
6.Қолданылу мерзімі және тоқтатылуы
6.1 Осы Шарттар толық күшіне енеді және Қызметтерді пайдалануға байланысты қолданылады.
6.2. Біз өз қалауымыз бойынша және ескертусіз немесе жауапкершіліксіз Қызметтерге қатысуды немесе пайдалануды тоқтату, есептік жазбаны және сіз ұсынған кез келген мазмұнды немесе ақпаратты жою, осы шарттарда немесе кез келген заңда немесе нормативтік актіде қамтылған кез келген өкілдікті, кепілдікті немесе міндеттемені бұзған жағдайда қызметтерге кіруден және пайдаланудан бас тарту (кейбір IP мекенжайларын блоктауды қоса алғанда) құқығын өзімізге қалдырамыз.
6.3. Егер біз сіздің есептік жазбаңызды қандай да бір себептермен тоқтатсақ немесе тоқтата тұрсақ, сізге үшінші тараптың атынан әрекет етсеңіз де, сіздің атыңызбен, жалған немесе алынған атыңызбен немесе кез келген үшінші тұлғаның атымен тіркелуге және жаңа есептік жазба жасауға тыйым салынады. Есептік жазбаңызды тоқтатудан немесе тоқтата тұрудан басқа, біз тиісті заңды әрекеттерді, соның ішінде сот ісін жүргізу құқығын өзімізде сақтаймыз.
7.Өзгерістер
7.1 Біз Қызметтерімізді жақсарту үшін үнемі жаңа технологиялар мен мүмкіндіктерді әзірлеп отырамыз. Мысалы, біз сізге синхронды аудармалар беру үшін жасанды интеллект пен машиналық оқытуды қолданамыз. Осы үздіксіз жақсартулардың бір бөлігі ретінде біз кейде мүмкіндіктер мен функционалдылықты қосамыз немесе алып тастаймыз, Қызметтеріміздің шектеулерін арттырамыз немесе азайтамыз және жаңа Қызметтерді ұсына бастаймыз немесе ескілерін ұсынуды тоқтатамыз.
7.2. Қызметтердің кез келген уақытта қолжетімді болатынына кепілдік бере алмаймыз. Біз аппараттық және бағдарламалық жасақтамалық ақауларға немесе басқа мәселелерге тап болуымыз мүмкін немесе үзілістерге, кідірістерге немесе қателерге әкелетін Қызметтерді техникалық қызмет көрсетуіміз қажет болуы мүмкін. Біз Қызметтерді кез келген уақытта және кез келген себеппен өзгертуге, қайта қарауға, жаңартуға, тоқтата тұруға, тоқтатуға немесе өзге де өзгертуге құқылымыз, бұл туралы сізге алдын ала хабарлаймыз. Сіз қол жетімді болмаған немесе қызмет көрсету тоқтатылған кезеңде Қызметтерге қол жеткізе алмауыңыз немесе пайдалана алмауыңыз салдарынан туындаған кез келген шығын, зақым немесе қолайсыздық үшін біз жауапты емеспіз деп келісесіз. Осы Шарттардағы ештеңе біздің Қызметтерді қолдау және техникалық қызмет көрсету немесе олармен байланысты түзетулерді, жаңартуларды немесе шығарылымдарды ұсыну міндетіміз болып саналмайды.
7.3. Біз осы Шарттарды мерзімді түрде өзгерту немесе түзету құқығын өзіміздің қалауымыз бойынша сақтаймыз. Біз сізге осы Шарттардың «Соңғы жаңарту» күні көрсетілген мәтінді жаңарту арқылы кез келген өзгерістер туралы хабарлаймыз және сіз әрбір осындай өзгеріс туралы нақты хабарлама алу құқығынан бас тартасыз. Жаңартулардан хабардар болу үшін осы Шарттарды мерзімді түрде қарап шығу сіздің жауапкершілігіңіз. Егер сіз өзгертілген Шарттар жарияланған күннен кейін Қызметтерді пайдалануды жалғастырсаңыз, кез келген өзгерістер туралы хабардар боласыз және олармен келісесіз.
7.4. Біз мерзімді түрде жазылым құнын өзгерте аламыз және сізде белсенді жазылым болса, кез келген баға өзгерістері туралы сізді хабарлаймыз. Жазылым құнының өзгеруі орын алса, сіздің белсенді жазылымыңыз ағымдағы төленген кезеңнің соңына дейін жарамды болып қалады.
8.Қолданылатын заң және дауларды шешу
8.1. Осы Шарттар және Қызметтерді пайдалануыңыз Қазақстан аумағында жасалған және толық орындалатын келісімдерге қолданылатын, оның қайшылық ережелерін ескермейтін Қазақстан заңнамасына сәйкес реттеледі және түсіндіріледі.
8.2. Барлық даулар келіссөздер арқылы шешіледі немесе Қазақстан, Астана қаласы сотында қаралады.
9.Жауапкершіліктен бас тарту
Қызметтер «ұсынған» түрінде көрсетіледі. Сіз қызметтерді өз тәуекеліңізге қарай пайдалануыңызға келісесіз.
Заңмен рұқсат етілген мүмкіндігінше біз қызметтерге және оларды пайдалануыңызға қатысты барлық кепілдіктерден, соның ішінде, бірақ олармен шектелмейтін, тауарлық жарамдылыққа, қажетті мақсаттың жарамдылығына және құқық бұзушылыққа қарсы кепілдіктерден бас тартамыз. Біз Қызметтердің мазмұнының немесе Қызметтерге қатысты кез келген веб-сайттардың немесе мобильді қолданбалардың мазмұнының дәлдігі немесе толықтығы туралы ешқандай кепілдік бермейміз немесе ешқандай мәлімдеме жасамаймыз және мазмұн мен материалдардағы кез келген (1) дәлсіздіктер немесе қателіктер үшін; (2) Қызметтерге қол жеткізу және пайдалану нәтижесінде пайда болатын кез келген түрдегі дене жарақаты немесе мүліктік зақым үшін; (3) біздің қорғалған серверлерімізге және/немесе оларда сақталған кез келген жеке және/немесе қаржылық ақпаратқа рұқсатсыз қол жеткізу үшін; (4) Деректерді Қызметтерге немесе одан өткізудің кез келген үзілістері немесе тоқтатылуы үшін; (5) Қызметтер арқылы үшінші тараптар жіберуі мүмкін кез келген қателер, вирустар, трояндық бағдарламалар немесе тағы басқалар үшін; және/немесе (6) кез келген мазмұн мен материалдардағы кез келген қателер немесе кемшіліктер немесе Қызметтер арқылы орналастырылған, берілген немесе басқа жолмен қолжетімді кез келген мазмұнды пайдалану нәтижесінде кез келген сипаттағы кез келген залал үшін ешқандай жауапкершілікті өз мойнымызға алмаймыз. Біз Қызметтер арқылы үшінші тараптар жарнамалайтын немесе ұсынатын өнімдер немесе қызметтер, кез келген гиперсілтеме веб-сайты немесе кез келген баннерде немесе басқа жарнамада ұсынылған кез келген веб-сайт немесе мобильді қолданба үшін ешқандай кепілдік бермейміз, мақұлдамаймыз немесе жауапкершілікті өз мойнымызға алмаймыз және сіз бен өнімдерді немесе қызметтерді ұсынатын үшінші тараптар арасындағы кез келген транзакцияларды бақылауға қатыспаймыз. Кез келген арна арқылы немесе кез келген ортада өнім немесе қызметті сатып алғанда, сіз ақылға қонымды және сақтық танытуыңыз керек.
10.Жауапкершілікті шектеу
Біз өз бақылауымыздан тыс кез келген жағдайлардан туындаған кез келген залал, кешігу немесе әрекетсіздік үшін жауапты емеспіз.
Егер осы Шарттардың кез келген ережесі немесе ереженің бір бөлігі заңсыз, жарамсыз деп танылса, бұл ереже немесе оның бір бөлігі осы Шарттардан ажыратылатын болып саналады және қалған ережелердің жарамдылығы мен орындалуына әсер етпейді.
11.Залалдарды өтеу
Сіз бізді, соның ішінде біздің еншілес компанияларымызды, серіктестерімізді және барлық лауазымды тұлғаларымызды, агенттерімізді, серіктестерімізді және қызметкерлерімізді (1) сіздің ақпаратыңыздың; (2) Сіздің Қызметтерді пайдалануыңыздың; (3) осы Шарттарды бұзуыңыздың; (4) осы Шарттарда көрсетілген мәлімдемелеріңіз бен кепілдіктеріңізді кез келген бұзуыңыздың; (5) үшінші тұлғалардың құқықтарын бұзуыңыздың, соның ішінде зияткерлік меншік құқықтарын бұзудың; немесе (6) Қызметтер арқылы сіз байланысқан кез келген басқа Қызмет пайдаланушысына қарсы кез келген қасақана зиянды әрекеттің нәтижесінде немесе оған байланысты кез келген үшінші тарап талап еткен кез келген шығындардан, залалдардан, жауапкершіліктен, шағымдардан немесе талап етулерден, соның ішінде ақылға қонымды заңгерлік алымдардан және шығыстарынан қорғауға және өтеуге келісесіз. Жоғарыда айтылғандарға қарамастан, сіз өтеуге міндетті кез келген мәселе бойынша, біз сіздің есебіңізден ерекше қорғауды және бақылауды өз қолымызға алу құқығын өзімізге қалдырамыз және сіз осындай шағымдардан қорғау үшін өз есебінен ынтымақтасуға келісесіз. Біз осындай өтеуге жататын шағымдар, талап қоюлар немесе іс жүргізу туралы білген кезде сізге хабарлау үшін ақылға қонымды күш-жігерді жұмсаймыз.
12.Электрондық байланыс және қол қою
Қызметтерге кіру, бізге электрондық хаттар жіберу және онлайн пішіндерді толтыру электрондық байланысты құрайды. Сіз электронды хабарламаларды алуға келісесіз және біз сізге электронды түрде, электрондық пошта арқылы және Қызметтер арқылы ұсынатын барлық келісімдер, хабарламалар, ашып көрсетулер және басқа хабарламалар мұндай хабарламалардың жазбаша болуы туралы кез келген заңды талаптарды қанағаттандыратынын мойындайсыз.
13.Басқа ережелер
13.1. Осы Шарттар және біздің Қызметтерде немесе Қызметтерге қатысты орналастырған кез келген саясатымыз немесе ережелеріміз сіз бен біздің арамыздағы толық келісім мен түсінікті құрайды. Осы Шарттардағы кез келген құқық немесе ережеге қатысты біздің әрекетсіздігіміз мұндай құқықтан немесе ережеден бас тарту болып саналмайды.
13.2. Осы Шарттар немесе Қызметтерді пайдалану нәтижесінде сіз бен біздің арамызда бірлескен кәсіпорын, серіктестік, еңбек немесе агенттік қатынастар құрылмайды. Сіз осы Шарттардың электрондық нысанына және тараптардың қолы қойылмағанына негізделген кез келген және барлық қорғау құралдарынан бас тартасыз.
13.3. 18 жасқа толмаған тұлғалар Қызметтерді пайдалану үшін ата-анасының немесе қамқоршысының рұқсатын алуы керек. Ата-анаңыздан немесе заңды қамқоршыңыздан осы Шарттармен бірге танысуды сұраңыз. Егер сіз ата-ана немесе заңды қамқоршы болсаңыз және балаңызға Қызметтерді пайдалануға рұқсат берсеңіз, осы Шарттар сізге қолданылады және сіз балаңыздың Қызметтердегі әрекеттері үшін жауапты боласыз.
14.Байланыс ақпараты
Қызметтерге қатысты шағымды шешу үшін немесе Қызметтерді пайдалану бойынша қосымша ақпарат алу үшін бізге келесі мекенжай бойынша хабарласыңыз: «Institute of Smart Systems and Artificial Intelligence» Жеке мекемесі, Қабанбай батыр даңғылы, 53, Астана қаласы, 010000, Қазақстан Республикасы.